Қазақ абжады жайлы толық ақпарат

Қазақ абжады деген не?

Араб жазуы негізіндегі әліпбилерді абжад, не абжадия деп атаймыз. Қазақ абжады — араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиі. Қазақ абжады — түсінікті, оңай, әрі әдемі жүйе.

Қазақ абжады 30 әріптен, 1 дифтонгтан тұрады.

Жеке әріп Сөз соңында Сөз ортасында Сөз басында Әріп аты Кирил жазуы ХАӘ
1 Әлиф /ʔ/
2 Бә Б /b/
3 Тә Т /t/
4 Сә (C) /θ/
5 Жим Ж /ʒ/
6 Һә (Һ) /ħ/
7 Ха Х /χ/
8 Дәл Д /d/
9 Зәл (З) /ð/
10 Ра Р /r/
11 Зәйн З /z/
12 Син С /s/
13 Шин Ш /ʃ/
14 Сад (С) /sˁ/
15 ﺿ Дад (Д) /dˁ/
16 Та (Т) /tˁ/
17 За (З) /ðˁ/
18 Әйн (Ғ) /ʕ/
19 Ғайн Ғ /ʁ/
20 Фә Ф /f/
21 Қаф Қ /q/
22 ك ‍ﻚ Кәф К /k/
23 Ләм Л /l/
24 Мим М /m/
25 Нун Н /n/
26 Һә Һ /h/
27 Уау У /w/
28 Йә Й /j/
29 پ Пә П /p/
30 گ Гәф Г /g/

Нун (ن) мен гәф (گ) әріптерінің тіркесі (نگ) — /ŋ/ дыбысын береді (кирил жазуында "Ң"). Хәракат диграфтың екінші таңбасына қойылады, ал бірінші таңбасы әрқашан хәракатсыз қалады.

Дауыссыз дыбыстар

Абжадтың басты ерекшеліктері:
• абжад оңнан солға қарай жазылады;
• жазбада әріптер біріктіріліп (өріліп) жазылады;
• сәйкесінше, әр әріп сөз ішіндегі (сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында) орнына байланысты әртүрлі жазылады.

Басқасында дауыссыздар жазылуы абжадта үйреншікті латын мен кирилден көп өзгеше емес.

Абжадта дыбыстар негізінен жіңішке келеді, ал жуан дыбыстар аз. Жуан дауыссыздар қасындағы дауыстыларды жуан етеді.

Жуан дауыссыздар мыналар: Қаф (ق), Ғайн (غ), Ха (خ), Сад (ص), Дад (ض), Та (ط), За (ظ).

Тағы екі дауыссыз жуан да, жіңішке де бола алады: Ра (ر), Ләм (ل).

Дауысты дыбыстар

Дауыстылар жазылуы латын мен кирилден сәл өзгеше. Араб тілінде дауыстылар қысқа, ұзын деп бөлінеді. Араб тілінде қысқа дауыстылар хәракат аталатын ерекше таңбалармен белгіленеді. Хәракаттар әріптің үстіне, астына қойылады. Бірақ хәракаттарды жазу міндетті емес, және көбінесе жазылмай кетеді. Ұзын дауыстыларды жазу үшін араб жазуында хәракатқа қоса мадд аталатын қосымша әріппен белгіленеді. Мадд ретінде үш әріп қолданылады: әлиф (ا), уау (و), йа (ي). Мадд әрпі өзі оқылмайды, тек дауысты дыбыстың ұзын оқылатынын белгілейді.

Хәракат көбінесе мектеп оқулықтарында, діни, ғылыми мәтіндерде, поэзияда, ерекше сөздердің оқылуын нақтылағанда қолданылады. Ал ұзын дауыстыларды белгілейтін мадд әріптері міндетті түрде жазылады.

Қазақ абжадында /е/ дыбысынан басқа дыбыстар ұзын болып, яғни маддпен жазыды. Араб-парсы тілінен енген сөздерде басқа да дыбыстар қысқа, яғни маддсыз жазылуы мүмкін.

Дауысты ХАӘ Сөз соңында Сөз ортасында Сөз басында
е /e/ ـَه ـَ اَ
ә, а /æ/, /a/ ـَا ـَا آ
ү, ұ, ө, о, у /y/, /ɤ/, /œ/, /o/, /u/ ـُو ـُو اُو
і, ы, и /ɘ/, /ɯ/, /i/ ـِي ـِيـ اِيـ

Жоғарыдағы кестеді қазақ тілінің дауыстылары қалай жазылатыны көрсетілген. Қысқаша айта кетсек,
- қазақ тіліндегі /е/ дыбысы араб тіліндегі қысқа /a/ дыбысына сәйкес жазылады (ерлерге — ارلرگه).
- қазақ тіліндегі /ә/, /а/ дыбыстары араб тіліндегі ұзын /ā/ дыбысына сәйкес жазылады (анама — آناما);
- қазақ тіліндегі /ү/, /ұ/, /ө/, /о/, /у/ дыбыстары араб тіліндегі ұзын /ū/ дыбысына сәйкес жазылады (оқу — اوقو, болу — بولو);
- қазақ тіліндегі /і/, /ы/, /и/ дыбыстары араб тіліндегі ұзын /ī/ дыбысына сәйкес жазылады (тірлік — تيرليك);

Бұл қысқаша шолу, ары қарай толығырақ.

Хәракаттар

Дауыстыларды белгілейтін үш хәракат бар: фатха /a/, кәсра /i/, дамма /u/. Дауыстының жоқтығын сүкүн хәракаты білдіреді.

Фатха Дамма Кәсра Сүкүн
مَ — /ma/ مُ — /mu/ مِ — /mi/ مْ — /m/

Яғни, абжадта дауысты дыбыстар дауыссыз әріптің үстіне/астына қойылатын хәракат арқылы беріледі. Сөз дауыстыдан басталса бірінші әлиф әрпі жазылады, ал хәракат әлиф үстіне қойылады.

Фатха Дамма Кәсра
اَل — /al/ اُل — /ul/ اِل — /il/

Ұзын және қысқа дауыстылар

Араб тілінде дауыстылар ұзын және қысқа болып бөлінеді. Қысқа дауыстылар тек хәракатпен жазылады. Ұзын дауыстыларды жазғанда мадд әріптерін қолданамыз.

Мадд — өзі оқылмайтын, бірақ дауыстының ұзартылып оқылатынын көрсететін әріп. Мадд ретінде үш «дауыссыз» әріп қолданылады: Әлиф (ا) — /ā/ дыбысы үшін, Уау (و) — /ū/ дыбысы үшін, Йа (ي) — /ī/ дыбысы үшін.

Қысқа Ұзын (Сөз басында)
ma — مَ mā — مَا āl — آل
mu — مُ mū — مُو ūl — اُول
mi — مِ mī — مِـي īl — اِيل

Қазақ абжадында мадд дауыстылардың ұзындығын білдірмейді, тек түрлі дауыстыларды ажырау үшін қолданылады.

/ә/ мен /а/ дыбыстарының жазылуы

Қазақ абжадында /ә/ мен /а/ дыбыстары бірдей жазылады. Бұл дыбыстарды жазу үшін фатха хәракаты мен әлиф қолданамыз.

Мысал
бас بَاس
дала دَالَا

Сөз басында тұрған дауыстыларды жазу үшін әрқашан әлиф қолданамыз, бірақ екі әлифті қатар қоймау үшін абжадта әлиф мадда қолданылады.

Мысал
ай آي
ән آن

Кей араб-парсы сөздерінде /ә/ мен /а/ дыбысы "қысқаша", яғни әлифсіз жазылады.

Мысал
қалам قَلَم
сәлем سَلَام

/e/ дыбысының жазылуы

/e/ дыбысын жазу үшін фатха хәракатын қолданамыз. Сөздің абсолют соңында /е/ дыбысы әрқашан ه финаль әрпімен жабылады.

Мысал
мен مَن мектеп مَکتَب
жер جَر береке بَرَکَه
кеме كَمَه заңгер زَانگگَر
ерлік اَرليك еркін اَرليك

Кей араб-парсы сөздерінде /е/ дыбысы "ұзын", яғни әлифпен жазылады.

Мысал
кемел كَمَال
керемет كَرَامَت

/ү/, /ұ/, /ө/, /о/, /у/ дыбыстарының жазылуы

Қазақ абжадында /ү/, /ұ/, /ө/, /о/, /у/ дыбыстары бірдей жазылады. Бұл дыбыстарды жазу үшін дамма хәракаты мен уау әрпін қолданамыз. Бұл қиындық тудыратын мәселе көрінгенімен шатас мүмкіндігі өте төмен, себебі қазақ тілінде /ү/, /ұ/, /ө/, /о/ дыбыстары тек бірінші буында кездеседі, ал /у/ дыбысы көбінесе біріншіден кейінгі буындарда, сөз соңында кездеседі.

Мысал
бөрік بُورِيك
орман اُورمَان
көру کُورُو
өсу اُوسُو
күлу کُولُو
құлау قُولَاو

/і/, /ы/, /и/ дыбыстарының жазылуы

Қазақ абжадында /і/, /ы/, /и/ дыбыстары бірдей жазылады. Бұл дыбыстарды жазу үшін кәсра хәракаты мен йа әрпін қолданамыз.

Мысал
тіс تِيس
қырық قِيرِيق
ит اِيت
би بِي
биік بِيِيك
ит اِيت
иіс اِيِيس

/и/ мен /у/ дыбыстарының дифтонгтық табиғаты

Қазақ тілінің /и/ мен /у/ дыбыстарының ерекшелігі — дифтонгтық табиғаты. Төл сөздерде /и/ мен /у/ дауысты /ій/ мен /ұў/ болып оқылады. Дифтонгты ұзын дауысты дыбыстан ажырату үшін Йа мен Уау әріптеріне сукун қоюға болады. Басқаша айтқанда, сукун Йа мен Уау әріптері мадд еместігін көрсетеді.

Дифтонг Ұзын дауысты (салыстыру үшін)
би بِيْ /biy/ кино كِينو /kīno
су سُوْ /suw/ фунт فُونت /fūnt/

Одан бөлек, қазақ тілінде /и/ мен /у/ төл емес сөздерде де дауысты дыбыс алдында дифтонгқа айналып, дауыстымен буын құрады.

Дауысты Дифтонг
жюри جورِي /jūrī/ жюриі جورِيِي /jūriyī/
фугу فوگُو /fūgū/ фугуым فوگُوِيم /fūguwīm/

Қосымша

Әлиф мақсура (ى)

Араб тіліндегі әлиф мақсура — тек сөз соңында тұра алатын Йа (ي) әрпінің нүктесіз түрі. Араб тілінде сирек кездесетін әріп; ұзын /ā/ дыбысын білдіреді. Жұрнақ-жалғау жалғағанда әлиф мақсура жай әлифпен алмастырылады.

Мысал
Мұса — Мұсаға موسى — موساغا
Иса — Исаны عيسى — عيسانى
Мұстафа — Мұстафамен مصطفـى — مصطفامن

Шадда

Шадда — дауыссыздың қосарланып, ұзартылып оқылуын (геминацияны) білдіретін хәракат. Қазақтың төл сөздерінде геминация кездеспейді, бірақ араб сөздерінде геминация — жиі кездесетін құбылыс. Шадда басқа тілдерден енген жаңа сөздерді белгілеуде де қолданылады.

Мысал
махаббат مَحَبَّت‎
сүннет سنَّت
жәннат جنَّت
Һәрри هارِّي
Винни وينِّي

Хамза және қосарланған дауыстылар

Хамза дыбысы /ʔ/ — көп тілде екі дауыстының арасында айтылатын дауыссыз дыбыс. Бұрын араб тілінде бұл дыбыс әлифпен белгіленетін, бірақ кейін бұл дыбыс үшін бөлек "хамза" әрпі енгізілген.

Бұл әріп не үшін керек? Біріншіден, араб тілінде хамза — түбірде кездесетін толыққанды фонема. Бірақ басқа тілдер үшін хамзаның мағынасы басқаша. Қазақ абжадында хамза үш жағдайда қолданылады:

• араб сөздерін жазу;
• басқа тілден енген сөздерде қатар келетін екі дауыстының ортасын толтыру;
• қазақ тілінің біріккен сөздерін жазу.

Араб тілінде хамза қою күрделі ережелерге бағынады, және сөз ішінде өздігінен, әлиф үстінде/астында, уау үстінде, Йа үстінде тұра алады.

Өздігінен Әлиф үстінде Әлиф астында Уау үстінде Йа үстінде
ء أ إ ؤ ئ

Қазақ абжадында тек әлиф үсті/асты хамза (біріккен сөздерде) мен Йа үсті хамза (қатар дауысты ортасында) қолданылады.

Қатар дауысты ортасындағы хамза

Қазақ тілі басқа абжади (парсы, урду) тілдеріндегідей араб тілінің хамза жүйесін елемей сөз ортасында хамзаны тек Йа үстіне қояды. Қазақ тілінде қосарланған дауыстылар кездеспеген соң, бұл хамза түрін тек шетел сөздерін жазғанда қолданамыз.

Мысал
Béatrice بئاتريس /be'atris/
Léon لئون /le'on/
Mao مائو /ma'o/

Та марбута (ة)

Араб тілінде та-марбута (ة) әрпі сөйлем ортасында /т/ болып оқылады, сөйлем соңында /һ/ болып оқылады. Қазақ тілінде та-марбута жазылмайды, және дәстүрге сай не /т/ дыбысымен, не /а/ дыбысымен алмастырылады. /т/ дыбысымен алмастырылғанда та марбута орнына жай та (ت) әрпі жазылады. Жұрнақ-жалғау жалғанғанда /a/ болып оқылатын та марбута әлифпен алмастырылады.

Оған қоса парсы тілінен енген һә (ه) әрпіне бітетін, бірақ /е/ емес, /ә/, /а/ дыбыстарына бітетін сөздер та марбута арқылы жазылады.

Мысал
Аиша (Аишаға) عائشة (عائشاغا)
Әлия (Әлияны) علية (علياني)
кітапхана (кітапханада) كتابخانة (كتابخانادا)
шайхана (шайханадан) شايخانة (شايخانادان)

Һә әрпі (ه)

Һә әрпі араб тілінде толыққанды фонема болғанымен, басқа тілдерде сөз соңында түсіп қалуға үрдісі бар. Қазақ тілінде Һә әрпі сақталған сөздерде толыққанды дауыссыз дыбыс болып қолданылады. Жұрнақ-жалғау һә әрпіне жалғанады.

Мысал
Аллаһ — Аллаһым الله — اللهيم
фиқһ — фиқһым فقه — فقهيم
шаһ — шаһтар شاه — شاهتار

Араб-парсы сөздерінің қазақ абжадындағы жазылуы

Қазақ абжадының басқа абжади тілдермен үйлесімдігі жоғары. Араб-парсы сөздері көбінесе қазақ абжадының жазылу ережесіне сәйкес болған соң көп араб-парсы сөздер қазақ абжадында оңай оқылады.

Мысал
береке بَرَکَه ресми رَسمِي
сүннет سُنَّت ғұмыр عُمر
гүл گُل заман زَمَان

Араб тіліндегі діни сөздер, сөз тіркестері әрқашан өзгеріссіз жазылады.

Мысал
әс-сәламу алейкүм السلام عليكم
бисмилләһ بسم الله
иншааллаһ ان شاء الله

Есімдер өзгертілмей жазылады.

Мысал
Мұхаммед محمد
Абдұллаһ عبد الله
Есет اسد

Бірақ узусқа айналған есімдер түпнұсқадан өзгеше жазылады.

Мысал
Махамбет ماخامبت
Оспан اوسپان
Жүсіп جوسيپ

Қазақ тіліне кірген сөздің дауыссыздары айтарлықтай өзгерген болса, ол сөздің оригинал жазылуы еленбейді де, қазақ тілінің заңдылықтарымен жазылады.

Мысал
мейір مَيِير
нашар ناشار
қазір قازير

Ұяң /д, б, ғ/ дыбыстарының қатаңдануы /т, п, қ/ еленбейді.

Мысал
бап باب
азат آزاد
кітап كتاب

Хамза, айн, һа, һә дыбыстарының жойылуы өзгеріс болып саналмайды, сондықтан фонетикалық жойылу жазбада еленбейді. Сөз соңындағы хамза еленбейді.

Мысал
әлім عالم
ауа هوا
халуа حلوى

Фә, Ха дыбыстарының сәйкесінше /б/, /қ/ болып өзгеруі еленбейді.

Мысал
Батима فاطمة
пәлсапа فلسفة
қожа خواجة
Хорезм خوارزم

Араб тілінің Сә (ث), Һа (ح), Зәл (ذ), Сад (ص), Дад (ض), Та (ط), За (ظ), Айн (ع) дыбыстарының сәйкесінше қазақи дауыссыздармен алмастырылуы еленбейді.

Мысал
ғасыр عصر‎
ғибадат عبادت
рамазан رمضان
мақсат مقصد

Қазақ тіліндегі абжади тілдерден енген сөздердің дауыстылары өзгерген жағдайда жазылуына қараймыз. Егер өзгерген нұсқа тек хәракат ауысуымен берілсе — сөздің түпнұсқа формасы сақталады.

Мысал
уәлаят وَلايت
сауда سَودا
есім اَسِم

Егер өзгерген дауыстының ұзындығы-қысқалығы ғана өзгерсе, яғни ол сөздегі мадд әрпін өзгерту керек болмаса, сөздің түпнұсқа формасы сақталады.

Мысал
кәрім كريم Мансұр منصور
кемел كمال мекен مكان
ибн ابن дін دين

Дублет сөздер

Қазақ тіліндегі араб пен парсы сөздерінің тарихы терең, сондықтан көп сөз қазақ тілінің фонетикасына сай бейімделіп үлгерген. Кей сөз қазақ тілінде мағынасын өзгерткен. Кей сөз қазақ тілінде екі формада кездеседі — бейімделген және қатты бейімделмеген. Егер қазақ тіліндегеі араб-парсы сөздің айтылуы да, мағынасы да өзгерген болса, оны дублет сөз деп атаймыз. Дублет сөз бен түпнұсқа сөздің түбірлерін екі бөлек түбір санаймыз.

Мысал
сүннет سنت сүндет سوندت
ғұмыр عمر өмір اومير
халал حلال адал آدال

Басқа тілден енген сөздердің жазылуы

Тілдер арасындағы транскрипция ережелері әр екі тіл үшін жекеше жасалынуы тиіс, бірақ жалпы алғанда абжади емес тілдерден енген сөздерді жазғанда /a/, /i/, /o/, /u/ тектес дыбыстарды әрқашан сәйкесінше маддпен жазамыз, ал /e/ тектес дыбыстарды әрқашан маддсыз (тек фатхамен) жазамыз.

Мысал
Америка آمَرِيکَا
Канада كَانَادَا
Еуропа اَوْروپا
Италия اِيتاليا
Университет اُونِيوَرسِيتَت
Институт اِينستِيتُوت
Йена يَنَا
Бауэр باوَر

https://t.me/qazaqAbjadi

Report abuse